Тасқын кезінде Жаңаарқа ауданына қарасты Қараағаш ауылына кіреберісіндегі су өткелі шайылып,тұрғындарды біраз әбігерге салды. Қазіргі таңда жол қатынасы қалыпқа келтірілді.
Дулат ЕРҒАЛИҰЛЫ Қарағаш ауылдық округінің әкімі
Осында «Жаңаарқа 2006» ЖШС көмек көрсетіп,өз қаражатына қалпына келтіріп берді.Алдағы уақытта осыны аспалы мост ретінде салу жоспарда бар.
Қараағаш ауылдық округінің Ынталы ауылына кірме жол ауылынан Терісбұтақ өзені арқылы өтетін көпір өткелін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін – 16,8 млн. теңге бөлінді. Ескене өзені арнасынан тасып Талдыбұлақ ауылыынң тұрғындары ауданмен байланыссыз қалған еді.
Саяжан НҰҒМАНОВА Талдыбұлақ ауылы округінің м.а
Ауыл ішінде орналасқан жаяу жүргіншілер көпірі арқылы ауданға қатынады. Бұзылған көпірді қалпына келтіру «Жаңаарқа 2006»ЖШС бірден қолға алып машиналардың қозғалысын қалпына келтірген болатын. 3 ауылды жалғаған бұл көпірге жөндеу жұмыстары керек-ақ.
Қолданыстағы облыстық маңызы бар "Қарағанды-Самара-Атасу-Айнабұлақ" автомобиль жолында орналасқан су өткізгіш құбырын шайып кетуіне байланысты, автомобиль жолында орналасқан Ескене өзені арқылы көпір салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 25,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жолдарды қалпына келтіру үшін сметалық құжаттар дайындалып, жұмыстар басталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |