Республикалық маңызы бар «Жезқазған-Қарағанды» тас жолындағы шұңқырларды жамау 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Бүгінгі күні жол жамылғысының 5,5 шақырымындағы жолдарды тегістеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.Оған 6 адам мен 4 техника жұмылдырылды. №44 жол-пайдалану бөлімі жолды тегістеу бойынша жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп отыр.
Асхат ЖАЛБЫРОВ «ҚажСервис» ЖШС №44 жол пайдалану бөлімінің бастығы
Бұл участок өзі кеуіп кеткен. Жаңбыр жауған сайын шұңқырлар шыға береді. Осы участокты сол үшін берді. Бір қабат қылып тегістеп жатырмыз. 5,4 км бітті енді 2,6 км қалды. Негізі 8 км.Одан кейін жаман 3км участок бар. Сапасы енді ауыр көліктер көп жүреді.
Жолдарға асфальт жабындысы толық төселмесе де, оның шұңқыраларының дұрыс жамалуын, жұмыстың сапасын,онда сыбайлас жемқорлықтың болмауын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы мен жергілікті орган өкілдері және қоғам белсенділерін құралған арнайы мобильді топ бақылауда.
Ертай ТАЙЖАНОВ "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының сапаны бақылау және қабылдау бөлімінің бастығы
2 жұма сайын келіп жұмыстарды қадағалап жатырмыз. Ой-щұңқыралрды жақсылап жасап,оларды таспен бекітіп сондай жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылы жоспарда бар, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Қанат НАРЫНҰЛЫ қоғам белсендісі
Жолға келдік халықтың наразылығынан кейін. Жолды көрдік тегістеліпп жатыр.
Болашақта Жезқазған-Қарағанды жолына 4 жолақты, 1-санатты жол түседі. Жөндеу жұмыстары заманауи стандарттарға сай болады, соңғы технологиялар мен материалдар пайдаланылады. Жоба республикалық бюджет есебінен әзірленетін болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ