Ақтау ауылы аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. 600 тұрғыны бар ауыл халқы аудан орталығына немесе қалаға келіп ем домдарын алатын. Енді 223 шаршы метрді құрайтын жаңа нысан ауысымына 40 адамды қабылдауға қауқарлы.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Мемлекет басшысы тапсырған арнайы үлкен жоба.Ауылдық жерлердегі денсаулық орындарын жаңғырту. Обылс бойынша 26 емхана құрылысын бастап,аяқтап жатырмыз. Үлкен мәселе қазір мамандардың жетіспеуі. Ауылға келіп қызмет етемін деген дәрігерлердің 5-8 миллион теңге аралығында көтермеақы алу мүмкіндігі бар. Енді жаңа жедел жәрдем көлігін алып береміз.
«NAK Development»ЖШС демеушілігі есебінен бой көтерген ғимараттың жалпы құны - 74 миллион теңге.Жаңа ғимаратта заманауи талаптарға сай ЭКГ аппараты, вакцина сақтайтын тоңазытқыштар мен өзге де қажетті жабдықтар бар. Ғимаратқа ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылған.
Азамат АХМЕТОВ кәсіпкер
Біз енді ауылымызды ұмытпаймыз. Ауылдық жерге туынды ткі деген қағидамен былтырдан бері осы нысанды салдық. Ішіне керекті жабдықтардың бәрі бар.
Қалдыбала Әлеуханова Ақтау ауылының тұрғыны. 40 жылдан аса дәрігер болып еңбек еткен ол, жаңа ғимараттың бой көтеруі тек менің емес, ауылдың қуанышы дейді.
Қалдыбала ӘЛЕУХАНОВА Ақтау ауылының тұрғыны
Заманауи ФАП салынып,ауылымызды үлкен қуанышқа бөлеп жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау ретінде осы ауылдың медбикелері өз мәнінде жұмыс істейді деп сенеміз. Үмітіміз көп. Халқымыздың денсаулығы мықты болсын. Заманауи жұмыс орындары ашыла берсін.
КАДРДАН ТЫС: Су жаңа медициналық мекемеде дәл қазір алты адам жұмыс істейді.Өкініштісі сол, фельдшерлік-акушерлік пунктте дәрігер жоқ. Бұл да жақын арада шешіледі деген үміеттеміз. Соған қарамастан тәжірибелі мамандардың арқасында алғашқы көмек дер кезінде көрсетіледі тұрғындарға.
Куляйна КОГАБАЕВА лаборант
Елдің игіліген ФАП салынып жатқанына қуаныштымыз. Құрылыс компаниясына алғысымыз шексіз. 34 жыл болды лаборант болып істеп жатқаныма.Қыста суық болатын. Енді міне жаңа заманауи талапқа сайын ашып берді. Алғысым шексіз.
Айта кетейік, ұлттық жобалар аясында облысымызда былтыр 11 ФАП пен 11 медициналық пункттің және 2 дәрігерлік амбулатория құрылысы басталып, кезең-кезеңімен қолдануға беріліп жатыр. Жыл соңына дейін өңірімізде 26 медициналық нысан іске қосылмақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ