Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам - оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деген. Мемлекет басшысының атынан берілген Ауызашарға Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері, сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері және Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар, көп балалы аналар, дін өкілдері мен мешіт жамағаты қатысты. Арнайы жайылған ақ дастархан басында елдің үлкендері жиналғандары қасиетті аймен қатар келген Наурыз меркесімен құттықтады.
Ауызашарда облыстың бас имамы Елдос Жұмаділдә көпшілікке Рамазан айында ұстаған оразаның қабыл болуына тілек білдіріп, жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде уағыз айтты. Биыл Рамазан айы ҚМДБ бекіткен арнайы кестеге сәйкес, 11 наурыздан 9 сәуірге дейін жалғасады...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы