Жер сағаты дәстүрлі түрде өтіп тұратын – жер шарындағы ең ауқымды эколоқиялық науқан. Облыс тұрғындарын қоршаған ортаға экологиялық қатынасын жақсарту, жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті жетілдіру, сондай-ақ табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 2024 жылдың 23 наурыз күні сағат 20:30 дан 21:30 ға дейін бүкіл республика бойынша «Жер сағаты» акциясы өтеді.
Аталған шараға байланысты барлық мекеме, кәсіпорындар, сауда нысандарының ғимараттары мен облыс тұрғындары үйлеріндегі жарықтарын өшіру арқылы акцияға бір кісідей қолдау таныта алады.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы