14-наурыз. «Көрісу күні-амал мерекесі». Бұл күні аналар кеңесімен, сондай-ақ этнос өкілдерімен түрлі іс-шаралар өтеді. «Қайырымдылық күнінде айрықша көзге түскен қайырымды жандар марапатталады. Және де бұл күн қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгеннен кейін қайырымдылық іс-шаралы да өткізіледі. Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күнінде аналар мен ақсақаладар кеңестерінің ұйымдастыруымен салт-дәстүр көріністері мен бата беру іс-шаралары болады. Жұрт ұлтымыздың ұмыт бола бастаған өзге де салт-дәстүрлерін тамашалай алады. Ал, басты мереке-22 наурыз әдеттегідей Алаш алаңында өтеді.
Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі
Күн тәртібіне шығарлыған басты сұрақ: наурыз мерекесінің сахнасы мен концерттік бағдарламасы. 22 наурыз күні салатанатты шара дәстүр бойынша қазақтың көш керуенінен басталады.
Гүлнұр ЖОЛАШАРОВА Ұлытау облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми әдістемелік орталығының басшысы
Былтыр жаңағы түйе, аттылар болса, биыл әрине салт дәстүр бойынша жыршылар, аттың үстінде батырлар болады,артынан жер ана өтеді, қасында ақ әжелер отырады. Наурыз қыз болады. Сосын Алаш алаңында ашылу салатанаты болады.
Сондай-ақ Ұлытау облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 21 наурыз күні «қазағымның киіз үйі сайысы» 22 наурыз күні «қазағымның дәстүрлері ай»сайысын өткізеді. «Қазағымның киіз үйі»сайысының жүлде қоры 3 млн теңгені құраса,
«қазағымның дәстүрлері-ай» сайысының жүлде қоры 1,5 млн теңге. Одан әрі ұйымдастыру жұмыстары мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету сұрақтары қаралды. Бұл күнге тәртіп сақшылары сақадай сай. Және де Наурыз мерекесіне қарсы қаланы абаттандыру, безендіру және тазалығы бойынша мәселелер көтерілді. Қосымша қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылатын болады. Қала әкімі үлкен кісілерге отыратын орын дайындауды да тапсырды. Қайрат Шайжанов наурыз мерекесін барынша сән-салатанатымен қарсы алайық деп жиынды түйіндеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/df7qxntamvY]