ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

19 Наурыз - жаңару күні

Бөлісу:

Облыста тірлігі жарасқан, бірлігі берік,қаймағы бұзылмаған ауылдар көп.Соның бірі- Кеңгір ауылы. Жезқазғаннан 8 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Жаңару мерекесінде алдымен бізді  жылқы мініп, тазы ерткен әкелі балалы Байтанатовтар күтіп алды.  Қамбар атаның төлін қазақ қазына тұтқан.  Жылқылары мініске жақсы, жүрісі жұмсақ деп бөлісті. Ерекшелігі сол, әз наурызды жылда осылай тойлауды дәстүрге айналдырған.


Жайық БАЙТАНАТОВ  атбегі 

Осылай атқа мініп, наурызды ата-бабамыз қалай тойлады, солай тойлаймыз. Бұл ең кішкентай ұлым, негізі 3 ұлым бар. 5 жастан бастап атқа мінуді үйретіп жүрмін. 


Темірлан ЖАҚСЫЛЫҚ 

Жылқыға мінгенді ұнатамын. Денсаулыққа пайдалы, оны маған әкем үйретті. Балалар сотка қарап жатса мен жылқыға мінемін.


Одан әрі шарбаққа жайылып тұрған көрпешелерді көзіміз шалды. Жалпы, құрақ – «адамның басы құралсын» деген ырыммен тігі­ле­тін көрпе.Сол ырымды Кеңгір ауылының тұрғындары бүгін көрсете білді.  Мерекелік шара Кеңгір ауылының мәдениет үйінде жалғасты. Жалпы ауылдық округте 3300 халық бар. Оның 45-ке жуығы өзге ұлт өкілдері. 


Рүстем ЕСМАҒАНБЕТОВ Кеңгір селосының әкімі 

Барлық ұлт өкілдері қандай да болсын іс-шара болсын ұйымшлыдық көрсетіп өткізіп жатады. Соның бір көрінісі-бүгінгі жаңару күніне арналған шара. Барлығыңызды келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтаймын. 


Жаңару күнінде Кеңгір ауылының тұрғыны, қолөнер шебері Алтынкүл Раисова өзінің туындыларын ұсынды. 15 жылдан бері ісмерлікпен айналысып келе жатқан ол, ұлттық нақыштағы киімдер мен құрақ көрпелер тігеді. 

 

Алтынкүл РАИСОВА  Кеңгір ауылының тұрғыны 

Бүгін мінекей жаңару күні деп жатыр. Қолымнан келген істің барлығын әкеліп қойдым.Жаңар күні құтты бослы, әрқашан жаңарып жайқалып жүре берейік. 


Балғындар өнерлерін ортаға салды, ұлттық салт-дәстүр дәріптелді, ауылдың үлкендері бата берді. Көпті көрген Оразбай Арыстанбаев кеңес уақытында  наурызды мемлекеттік деңгейде тойлмаушы едік, қазір күннен күнге жаңғырып жатыр. Қуантатыны сол дейді.

 

Оразбай АРЫСТАНБАЕВ Кеңгір ауылының тұрғыны 

Ал, енді қазіргі наурызды тойлау барлығымздың көңілімзден шығып жатыр. Қуанышымыз тіпті кеудемізге сыймай кетіп жатыр. Кеше мыаслы амал күнін атап өттік.Маңғыстауда амал күні ерекше тойланады. Соған жетсек дейміз. Наруыз мерекесі құтты бослын. Берекелі, жақсылық болсын. 


Бұл ауылдағы ағайынның ынтымағы көпке үлгі. Жаңару күнін  арқа-жарқа қарсы алған тұрғындар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, ауылдың өркендеуін тіледі. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты