ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Алты отбасы баспаналы болды

Бөлісу:

Қос пәтерлі үш үйдің құрылысы былтыр жыл соңында аяқталған.Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметшілер мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары бар.

 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

-Ауылымзда осындай объектілер көп бола берсін. Қалпына келетін үйлерді қалпына келтірейік. Бірітіндеп пәтерлерін сатып алып, оларды жөндеп 3этажды,4 этажды үйлерді бәрін қалпына келтіруге болады. Керек болса сол жерге автономный котельный соғып беруге де болады. Мұның барлығын шешуге болады. Бәріңізді бүгінгі осы шарамен құттықтаймын. 


Баспанаға қол жеткізген жастар қатары толығып келеді.  Жеке баспанам болса екен деп үмітін үкілегендердің бірі- Бақдәулет Жарылқасын. Түркістанның тумасы. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  мемлекеттен тиісті қолдауға ие болған жас маман бүгін баспаналы болды.Жоғары оқу орнын аяқтаған бойда осында жұмысқа келген. Қазір кенттегі мектеп-интернатта математика пәнінен сабақ береді. 

 

Бақдәулет ЖАРЫЛҚАСЫН Жезді кентінің тұрғыны 

Үй жақсы.Жастарға  үлкен қолдау көрсетіп жатыр әлеуметтік жағдайды көтеруге. Жұмыспен, баспанамен қамтып жатыр. 


Бұл күні сондай-ақ көпбалала аналар мен мемлекеттік қызметшілерге пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар мен жас мамандарды баспанамен қамту биыл да жалғасын табады. 

 

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі 

маман тапшылығы өте күрделі бізде. Мемлекеттік қызмет саласының өзінде бізде 12 вакансия бос тұр қазір. Соларға жұмыс жасап жатырмыз. Биылғы жылы тағы да осы Жездінің басында үй салу жұмыстары жүред.


Тілеген РАХЫМБЕКОВ Жезді кенті бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Алдағы уақытта тағы да осындай үйлер салынса деген өтінішіміз бар.Халықтың атынан осы құрылысты жүргізген барша жандарға алғыс білдіреміз.Болашақта тағыда үйлер салынса дейміз, жастардың тұрақтауына,еңбек етуіне жағдай жасап жатқандары үшін рахметімді айтам.


Соңғы жылдары Жездіге қоныс аударған азаматтардың қатары артып келеді. Былтыр «Оңтүстіктен-Солтүстікке» жобасы бойынша көшіп келген бірнеше отбасы осында қоныс аударды. Бүгінде Ұлытау ауданы бойынша 87 адам пәтер кезегінде тұр. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты