ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Емдеу мекемесі жөндеуден өтті

Бөлісу:

Соғыс жылдары Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен небары 45 күннің ішінде ашылған кент бір кездері аудан орталығы да болған еді. Кейіннен өндірісі тұралап, жұмыс іздеген ағайын өзге өңірлерге кетуге мәжбүр болды. Тек соңғы жылдары ғана біртіндеп жағдай түзеліп келеді.Жарты ғасыр жөндеу көрмеген аурухана жаңартылды. Күрделі жөндеу аясында аурухананың төбесі, едені,есік терезелері,кәріз және жылу беру жүйесі толықтай ауыстырылды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі басталды. 


Аурухананың сәулеті ғана жаңартылып қойған жоқ,заманауи жаңа құралдармен де жабдықталды. Енді бұл аурухана облыстағы зертханаларға жүгірмей-ақ,  қанның құрамын өздері анықтай алады. Сол үшін емдеу мекемесіне қан құрамын анықтайтын жаңа аппарат сатып алынды. Емдеу мекемесін аралаған облыс әкімі өңірге келетін мамандарды бірінші кезекте баспанамен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Одан әрі Берік Әбдіғаилұлы бастаған топ кенттегі бос тұрған ғимартқа аялдады. Ұлытау облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Есен Байыров бұл жерден өрт сөндіру бекетін ашсақ деген жоспарын баяндады. 


Қазіргі таңда  Жезді кентіндегі өрт сөндіру бекетінде 20 адам қызмет етуде.  Көліктердің ол бекетке сыймауына байланысты жаңа ғимаратқа көшу жоспары талқылануда. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты