ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қаражалдың қазына қариясы

Бөлісу:

Бір басына бірнеше өнерді сыйдыратын Сарыарқадағы сал-серілік дәстүр – Жарқынбай Жетімекұлының бойында жарасым тапқан. Арқалы ақындығын айтпағанда, сазгерлігі мен әншілігінің өзі атын Арқа даласына мәшһүр еткен біздің кейіпкеріміз – заманында мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстап, өндіріс алаңында да шыңдала білген. Негізгі мамандығы – тау-кен инженері.

 

Жарқынбай Жетімекұлы, Қаражал қаласының құрметті азаматы

(Еңбек жолым – Атасу кен байыту комбинатынан басталды. Тау-кен шеберінен сол мекеменің кәсіподағының төрағасына дейін көтерілдім. Кейіннен қала әкімінің шақыртуымен мәдениет бөлімін басқардым, әкімнің әлеуметтік сала бойынша орынбасары даб олдым.)


Жарқынбай Жетімекұлы – қоғамдық жұмыстардың да бел ортасынан табылған. Қалалық мәслихатының депутаты болған жылдары – шаһар халқының тұрмыс тіршілігінің алға басуына өз үлесімді қосуға тырыстым деген ақсақал: өлеңде де, өндірісте де, өнерде де туған жердің туын жоғары ұстай білген...

 

Жарқынбай Жетімекұлы, Қаражал қаласының құрметті азаматы

(Бұрынғы Жезқазған облысында «Ұлытау үні» деген үлкен фестиваль болатын. Сол өнер додасында бірнеше мәрте өнер көрсеттім, дәстүрлі ән аталымында жеңімпаз да болдым. «Орталық Қазақстан» газетінде мақалалар жарыққа шыққан.)


Биыл 70 жастың желкенін керген жан – бірнеше кітаптардың авторы.  Еңбегімен – ел таныған жанды қазыналы өлке қашан да мақтан етеді. Қаражал қаласының құрметті азаматы атағы – қарияның ғибратты ғұмыр жолын айғақтап тұрғандай. 


Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты