Бүгінгі қариялар елдің игілігі жолында аянбай еңбек еткен, әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған азаматтар. Сондықтан да оларға деген құрмет ерек. Мерекелік шарада Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармония әртістері мен қаламыздағы мектеп оқушылары өнер көрсетті. Ықыластарын ән-бимен жеткізді.
Дарын ТӨЛЕУБАЙ «BIRLIK» волонтерлік желісінің аймақтық жетекшісі
13 мектеп,1 мектеп, білім иноовация лицейінің оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр. Қазір қазыналы қарттарымызға құрт таратамыз.
Қарияларға қоғам мейірімі мен қамқорлығы ерекше қажет. Мұндай ізгілікті шараларға ардагерлер де дән риза. Қарттарды қадірлеудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген ерікті жастар олардың батасын алды. Жалпы мұндай мерекеде ғана емес, қариялар үнемі мемлекет қамқорлығында.
Бауыржан ТАКИШЕВ Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының м.а.
Оқушыларға,оқу білім орталықтарына рақмет. Біздің қарттарымызға үлкен концерттік іс-шара жасап беріп отыр.
Айта кетейік, бүгінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 90 мүмкіндігі шектеулі жан және 133 қария бар. Орталық мамандары – қариялар әр мерекеге ерекше дайындалады дейді. Олар қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге құштарлығын арттырып, күйзеліске түсіп кетпеуін басты назарда ұстайды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ