Мәселен, 2023 жылдың қаңтарынан Ұлытау облысының 250 тұрғыны катаракта диагнозымен көзіне тегін ота жасады. Тағы 5 432 пациентке амбулаторлық емханалық көмек көрсетілді. Ұлытаулықтарға стационарды алмастыратын хирургиялық медициналық көмек көрсеткені "MDVISION" көз клиникасына Қор 58 млн теңгеден астам қаржы аударды. Биыл қаржы көлемі артып, 360 облыс тұрғынының көзіне ота жасалады деп күтілуде.
Абылайхан Рахымов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиал директорының м.а
Қордың жеткізушісі болып табылатын «Аура Сервис» ЖШС-нің «АураМед» оңалту орталығы церебралды паралич, яғни сезімталдығы мен түйсіну қабілеті, сонымен қатар, қимылдау жүйесі бұзылған, интеллектуалды дамуында ақауы бар, Даун синдромымен ауыратын балалар оңалтудан МӘМС есебінен тегін өткізуде. Аталған орталықта 2020 жылы 559, 2021 жылы 516, 2022 жылы 510 бала оңалту бағдарламасынан өтсе, өткен жылы 583 кішкентай пациент ем қабылдады.
Осылайша брифиингте 2023 жылы МӘМС жүйесінде атқарылған жұмыстарды тізіп шыққан Абылайхан Рахымов 2024 жылға нақтыланған бюджет 22,9 млрд теңгені құрағанын жеткізді. Айта кетейік, 2024 жылдың ақпан айының басында Ұлытау облысы бойынша халық саны 220 932 адам, оның 84,6% МӘМС жүйесінде сақтандырылған екен.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ