ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Әскерге шақыру: міндет пен мүмкіндік 🔥

Бөлісу:

Ұлытау облысынан 600 ден астам азаматты әскерге аттандыру жоспарланған. Осы 600-ді   жасақтау үшін 18 бен 27 жас аралығындағы облыс азаматтарын медициналық сараптамадан өткізіп, жіті бағалап, жарамдысын Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтпек.Бірінші кезекте азаматтар шекара қызметінің әскери бөлімдеріне, одан кейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қабылданады. 


Мемлекет жігіттерімізге «қаласаң да, қалмасаң да барасың деп міндеттеп отырған жоқ. Егер отбасылық жағдайы келмесе, темірдей қатты әскери тәртіп те борышкердің мүмкіндіктерін ескереді. Айта кетейік, Әскери борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ  «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты