ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жезқазғандық отбасы асырап алған балаларын құлдыққа салған

Бөлісу:

Балаларды қамқорлығына алған әйел қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.  Ал, 5 жылға жуық зәбір көрген балалар уақытша қолдау орталығына орналастырылды. Оларға арнайы мамандар психологиялық жәрдем беріп жатыр.


ӘДІЛ БАХМАНОВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ  ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

   

жезқазған қаласының 55 жастағы тұрғыны патронаттағы балаларды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, еңбек күшіне пайцдаланғаны анықталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Осы жағдайдан соң өңірде патронаттық тәрбиеге берілген балалардың әлеуметтік жағдайын бақылау күшейді. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда қоңырау қабылдайтын арнайы жедел желі іске қосылды.  


САПУРА ТӨЛЕКОВА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

-үлкен бала кәмелеттік жасқа толған. Енді бұл балаға өзінің екі бауырын қамқоршылыққа беру мәселесін қарауға болады. ол үшін біріншіден біз ол баланың жұмысқа орналасуын, яғни, диплом алғанда аспаз деген диплом алған. Сол бойынша жұмыс орнын анықтап жатырмыз. Жұмыс орны табылды. соған жұмысқа тұрғызамыз. Одан кейін тұрғын үй мәселесін шеуіміз керек. 


Зәбір көрген балаларды оңалту мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Жалпы облыста ата-ана қамқорлығынан айырылған 235 бала бар. Оның 25-і  патронатты тәрбиеге берілген.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ



Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты