Перизат Дәлкенқызы
Қала ішінде стихиялық қоқыс үйінділері, санитарлық талаптарды өрескел бұзу оқиғалары азаймай тұр. Көріп тұрғандарыңыздай қоқыс контейнер алаңына үлкен қоқыстар үйіліп қаланың көрінісіне ғана емес, адамдардың денсаулығы мен кері әсерін тигізуде. Осы ретте Тұрғындарды абаттандыру ережелерін сақтап, ірі габаритті қоқысты шығару жұмыстарын қолға алуларын сұраймыз.
Кадр сыртында: Аймақтың ажарына нұқсан келтіретін қоқыс үйінділерін бүгінде шаһардың көптеген көшесінен кездестіресіз. Тіпті, тұрғындар үйіндегі мүліктерін сыртқа шығарып тастап жатады. Бұл ірі габаритті қоқыстар қатты-тұрмыстық қалдықтар тобына жатпайды. Сондықтан оны шығару қоқыс контейнерлерін тазалайтын компанияның қызметіне кірмейді.
Кадр сыртында: Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Үйді немесе ғимараттарды жөндеу жүргізу кезіңде немесе ескі жиһаздарды шығару кезіңде жеке және заңды тұлғаларлға «Сәт-Тазалық» ЖШС мекемесіне 1212 немесе 776605. телефон номеріне хабарласу қажет.
қоқыс контейнер алаңына үлкен қоқысты жинаған жағдайда, учаскелік полиция өкілдері тәртіп бұзушыларға келесідей шаралар қолданады
абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдірулік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Перизат Дәлкенқызы, Думан Оразов, Ұлытау
[media=https://youtu.be/vyxKkXmZDw4]