Перизат Дәлкенқызы, тілші
Облыс прокуратурасы өңір кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін ашық есік күнін өткізді. Мақсат бизнес иелерін толғандырған түйткілді мәселелердің түйінін тарқату. Іс-шараға құзырлы департаменттер, салалық басқармалар басшылығы, қала әкімдігі мен ірі кәсіпорын өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өткен кеңейтілген кеңесте «Әрбір маңызды инвестициялық жобаға прокуратура тарапынан сүйемелдеуді» тапсырған еді. Бұл өткен жылдан бастап қолға алынып келеді.
Мұхтар Ендіберген, Ұлытау облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары
Бүгінгі күні 812 млрд теңгені құрайтын 36 инвест жобаны сүйемелдеудеміз. Осы жылдың өткен кезеңінде 255 млрд теңгеге 10 инвест жобаны жүзеге асырып жатқан 5 инвестордың құқығын қорғадық.
Кездесу барысында салық заңнамасы, аграрлық қаржыландыру және тасымалдаушыларды субсидиялау мәселелері көтерілді.
Барлық мәселелер бойынша жауапты органдар бекітіліп, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жалпы прокуратура органдарының атсалысуымен есепті мерзімде 15 инвестордың проблемалық мәселелері қаралды.
Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден кәсіп ашу үшін рұқсат алу, инфрақұрылым нысандарын жүргізу, жер беру мәселелері шешілді.
Перизат Дәлкенқызы,
Сергей Майкович,Ұлытау