Өрт оқиғасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендегенмен, өрттің салдарынан көз жұмғандар көбейген. Сондықтан төтеншеліктер күшейтиілген режимде жұмыс істеуде.Профилактикалық шараларды мықтап қолға алған.Соынмен қатар, аптап ыстықта көл жағалауына сабылтаын жұрт қарапайым ережелді сақтамайды дейді мамандар.Әсіресе жасөспірімдер.
Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы
Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері, балалар ересектердің қарауынсыз қалады. Мас күйінде суға түсу. Түңгі уақытта суға түсу. Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде су түсу болып табылады. Рейд жүргіземіз. Күнделікті құтқарушылар су айдындарын шолып тұрады.
Егер де бекітілген ережені сақтамасаңыз оған жауапкершілік бар екенін ұмытпаңыз.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
412-бап. Онда былай делінген: қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы –
жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады. Яғни біздің облыста 13 жеке тұлға жауапкершілікке тартылған. Айыппұл арқалағыңыз келмесе,қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Ол алдымен өз өміріңізге деген жауапкершілік.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ЖАСҰЛАН ТӨЛЕН «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ