Жазғы кезеңнің басталуымен табиғи өрттердің пайда болу қаупі бірнеше есе артады. «Ұлытау» мемекеттік ұлттық табиғи паркі базасында өткен жаттығу жиынан өңірдегі салаға жауапты департамент басшылығы мен Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары қатысты.
Айта кетейік, табиғатты аялау мен қорғау мақсатында Ұлытауда «Ұлытау» мелекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған. Аталған мекеменің қорғауына 60 мың гектарға жуық орман алқабы кіреді. Табиғи паркке арнайы 7 трактор мен 1 өрт сөндіру көлігі сатып алынған.
Іс шара аясында төтеншеліктердің шеберліктері тексеріліп, орман шаруашылығы қызметкерлері мен олардың техникаларының дайындықтары пысықталды. Аталға шара аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары да қолға алынбақ.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей майкович, «Ұлытау» телеарнасы