Әкімнің қабылдауына алғашқы болып кірген - Иманқұл Ескендіров. Ақтас кенті, Пионер ауылының тұрғыны Ұлытау ауданының мәселері бойынша халықтың мұң мұқтажын арқалай келген. Атап айтатын болсақ ауылдың электр желісін күрделі жөндеуден өткізу, ауыз су мен жол мәселесін жеткізді. Сонымен қатар ауылда билайн желісі орнатылмаған. Тұрғындар бірігіп мекемеге хат жолдағанымен нәтиже болмағанын айтады.
Иманқұл Ескендіров, Пионер ауылының тұрғыны
Сымдары тозған. Одан бір коорпорацияға өтеді деген әңгіме болған. Сол биыл қыс қалай болады? Сол бірінші сұрағым.
Кадр сыртында: Ауылдың электр желісін күрделі жөндеу жұмысы Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы қабылдап алғаннан кейін атқарылады. Ал, ауыз су бойынша Пионер бөлімшесіне жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.
Сондай-ақ ауылдың жолы кезең кезеңімен жөнделетін болады. Билайн желісіне келер болсақ, халық санының аз болуына байланысты, байланыс желісін орнатуға мүмкіншілік жоқ екенін жеткізді. Қабылдауға екінші болып кірген Наталья Артемьева. Жезқазған қаласы Жеңіс көшесіндегі 23 үйдің тұрғыны үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу бойынша жұмыстар жүйесіз дейді. Күрделі жөндеуден қалған қоқыс үйінділері шашылып жатқанын тағы қосты. Тұрғынның талап тілегін тыңдаған облыс әкімі қала басшысының орынбасарына үйлердің жағдайы мен алдағы қысқы дайындықтарын тексеруді тапсырды.
Кадр сыртында: Бұдан бөлек тағы бір кәсіпкер өз жер учаскесінде Детейлинг орталығын салуға рұқсат алу мәселесімен қабылдауға кірді. Мұның жолдарын жүйелеп қарастыру керек деп жауап қатты өңір басшысы.
Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау