Қазақстан өңірлерін газдандыру аса ауқымды және әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бірі. Бұл ретте - Ұлытау облысын газдандырудың 2030 жылға дейінгі Өңірлік схемасы дайындалған. Аталған схемаға сәйкес 2030 жылға дейін облыстағы 9 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Ал, облыс орталығында газдандыру жұмыстары жүйелі жолға қойылған...
Алмас Жандарбеков, Ұлытау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
-( Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезектен және 7 іске қосу кешенінен тұрады. Жалпы ұзындығы 199,8 км-ді құрайды. Бүгінгі таңда Жезқазған қаласында газ тарату желілерін салу жұмыстары жалғасуда.
Екі іске қосу кешенін қамтитын құрылыстың I кезегі бойынша жұмыстар аяқталды.)
Ал, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық экономика басқармасының басшысы Виктория Ставицкая айтып берді. Ұлытау облысы халқының 20 пайызға жуық тұрғыны – ауыл халқы болып есептеледі. Биылғы жылы өңірге қарасты ауылдарда 16 жобаны жүзеге асыруға - 4,4 млрд теңге қаржы қарастырылған. Жобалардың дені әлеуметтік бағыттағы нысандар. Келер жылға жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын 8 жобаға өтінім берілген. Берік Әбдіғалиұлы қала-аудан басшыларына әр ауылдың жеке даму бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
-(Елді-мекендерді дамытуды жеке жоспарын дайындау керек. Сосын, оны ауыл әкімдері – қала-аудан басшыларымен бірге келіп, қорғайтын болады.)
Айта кетейік, Ұлытау облысында 72 ауылдық елді мекен бар, оның 23-інің даму әлеуеті жоғары болып есептеледі.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы