Жаһанда азық-түлік тапшылығы артып келе жатқанын ескерсек, Қазақстанға агросектордың өнімділігін үш есе арттыруға мүмкіндік бар. Президент өз сөзінде "Қазіргі ауыл шаруашылығы - жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кететінін айтып, агроөнеркәсіп саласын дамытуды тапсырған еді. Соңғы 3 жылда Ауыл шаруашылығы Министрлігі мемлекеттік қызметтерді регламенттеу, стандарттау және оңтайландыру, автоматтандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізді.
Айжан Әбілханова, “ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнекәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының бас маманы
соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 61 мемлекеттік қызметін қазір электрондық үкімет порталынан алуға болады (www. egov.kz), 4 - Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту процесі қызмет алушылар үшін жағдай жасауға бағытталған, яғни әрбір қарапайым ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі үйден шықпай-ақ қызмет алуға өтінім бере алады.
Сонымен қатар Президент өз жолдауларында егін шаруашылығына да аса маңыз беруді тапсырды.
Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |