Жезқазған мыс балқыту зауыты – мыс өнеркәсібінің, түсті металлургияның алып шаңырағы. 1971 жылдың, 23 інші ақпанында алғашқы катод мысын берген. Осы күннен бастап зауыттың жаңа тарихы басталады. Негізгі өнім тазалығы 99,99 пайыздық көрсеткішке ие катод мысы - халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие.
Металургтер күні қала көлемінде үлкен мерекелік іс шарамен аталып өтілуде. Байтыушылар қауымын – алып кәсіпорын мен зауыт басшылығы және қала әкімі құттықтап, Алғыс хаттары, құрмат грамоталарын және түрлі дәрежедегі төсбелгілерін табыс етті.
Корпорация басшылығы металлургтер еңбегін үнемі назарда ұстап, әрқашан ынталандырып отыруға тырысамыз дейді. Кәсіби мерекемен құттықтау іс шаралары ертең де өз жалғасын табады.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы