10шы – 15ші шілде аралығында Оңтүстік Корея елінде ірі рейтингтік G2 халықаралық жарысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 20 елден 2000 ға жуық спортшының арасынан өз салмақ дәрежесінде үздіктері үздігі атанып, алтын медальды Сержан Барақпаев иеленді. Бүгін чемпионды күтіп алуға Жезқазған темір жол вокзалына достары мен жақындары жиналды.
Салтана Барақпаева, анасы
Өте қуаныштымыз. Кеше бірінші орын алғанда отбасымызбен қатты қуандық. Тренерлер өте мықты. Осы кісілерге көп рақмет!
Үлкен додада Қазақстан байрағын көкке көтерген жерлесіміз алдағы Әлем чемпионатында додаға түсіп, жеңімпаз атану үшін тыңғылықты дайындықты бастайтынын айтты. Жалпы Сержан спортқа 5 жасынан бастап қатысқан. Спортқа алғаш келуіне әкесі себепкер болған.
Сержан Барақпаев, жеңімпаз
Спортқа 5 жасымнан бастап қатысамын. Алғаш спортқа әкем алып келді. Октябрь айында Алла қаласа Әлем чемпионаты болады. Сол жарысқа дайындалып, орын алуға тырысамыз.
Сондай ақ жарысқа қатысқан жерлесіміз Жарқын Серік биылғы жылдың ҚР чемпионы. Қос спортшыны жаттықтыруда бапкер өте маңызды рөл атқарады. Спортшыны баптау және жеңіске жеткізуде аянбай тер төгетін бапкерлердің еңбегін атап кеткен жөн. Себебі, спортшының жетістігі тәлімгердің еңбегі.
Арнат Сейтенов, жаттықтырушы
Корея елі 20 дан астам мемлекет жинады жарысқа . Бұл Корей елінде жыл сайын өтетін жарыс. Өте қиын жарыс деп айтуға болады. Жалпы Корея еліне біздің спортшылардың алғаш барулары. Сержан Барақпаев пен Жарқын Серіктің Кореяда алғаш қатысуы.
Спортшылар жарысқа қатысуда қолдау білдірген Ұлытау облыстық спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне ерекше алғысын білдірді.
Перизат Дәлкенқызы, Мейіржан Мейрамұлы Ұлытау арнасы