Оқу-жаттығу жиыны ешкім күтпеген жерден орын алды. Шартты түрде «Дариға» сауда үйінің ішінде өрт тұтанып, дабылқаққыштар мен хабарландыру жүйесі іске қосылды. Келушілер мен ғимаратты жалға алушылар сыртқа шығарылды. Дереу құтқарушылар келіп, адамдарға көмек көрсетті.
Жаттығуға төтенше жағдайлар басқармасының 4 техникасы мен жеке құрамның 15 қызметкері қатысты. Олар шартты түрде іште қалып қалған 2 адамды құтқарып, сол жерде көмек көрсетті. Жаттығу барысында өрт қауіпсіздігінің барлық жүйесі тексеруден өтті.
Сауда орталығы өрттің алдын алу мен эксплуатацияға дайын екенін көрсетті.Айта кетейік, акцияда еріктілер де белсенділік танытты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ