«Қазақмыс» кәсіпорындары орналасқан барлық аймақтан жиналған 100 ден астам еңбеккер жастың басын қосқан слеттің қортынды кеші – «Гарден холл» мейрамханасында өтті. Мұнда жезқазғандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қортынды кеште – озат және белсенді жастарға марапат жасалды. Атап айтар болсақ, «Даңқты жастар – өндіріс үміті», өндіріс қызметкерлері арасындағы «Үздік отбасы», кәсіпорын еріктілеріне арналған «Мейірімді жүрек», спортты серік еткендер үшін «Мықты рух» аталымдары өз иелерін тапты. Сонымен қатар, Қазақстанның Еңбек ері Тұрсынбек Макишев атындағы арнайы сыйақы да осы кеште табыс етілді.
Қайсар Абеуов, «Үздік жас отбасы» аталымының иегері
«Жастар болашақ» жастар одағының басшысына алғысымызды білдіреміз. Біз отбасымызбен «Қазақмыс» корпорациясы өткізетін шараларға беелсенді қатысамыз.
Асем Кыанбекова, «Үздік жас отбасы» аталымының иегері
Луиза Абдрахмановаға үлкен рахмет. Жастар одағы осындай шараларды жиі өткізіп тұрса деген тілегіміз бар. Ұлдарымыз футбол жарыстарына қатысады. «Үздік жас отбасы» номинациясында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз.
Еңбеккерлерден бөлек, «Жас қыран» аталымында олардың балаларына да марапат үлестірілді. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды жиірек өткізіп тұратындықтарын айтты. Осылай еңбек майданындағы жастар ерекше серпінге ие болды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы