Жолдауда ең алдымен ұлттық экономиканың құрылымына қатысты реформаның басты бағыттары ашық айтылды. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігі, ұлттық экономиканың ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төзімділігі алдыңғы қатарға шығарылды. Мұның себебі, қазіргі кезде геосаяси ахуал ушығып, әлемдік нарықта экономикалық тежелу анық байқалады.
Ізтілеу Түсіпов, «Халық алғысы» медалінің иегері
-(Жалпы Президентіміздің Жолдауы белгіленген мерзімде еліміздің дамуы жолында атқарылатын нақты жұмыстардың бағыт-бағдары, бағдарламасы деп түсінгеніміз абзал. Құр сөзбен-ауыз сүрте берген жараспас, бүгінде Жолдауда айталған тапсырмалар ретімен, біртіден орындалып жатқанын халық сезінуде)
Сонымен қатар Президент Жолдауда: «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.» - деді. Яғни, өңдеу өнеркәсібі салаларының салмағы да арта түспек..
Ізтілеу Түсіпов, «Халық алғысы» медалінің иегері
-( Өңдеу өнеркәсібі енді жаңаша бағытта қарқын алады. Президент және тағы да бір мәселеге ерекше көңіл бөлді. Ақша-несие саясатындағы күрделі мәселені атап өтті. Елімізде банктер табысқа қол жеткізген. Олар қалай көп табысқа жетеді? Халықты несиелеу арқылы ма? Ал, ел экономикасына қосар үлесі қандай? Президент аталған міндеттің бәрі үш жыл ішінде жүзеге асуын міндеттеді.)
Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру барысында әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз сынға түседі. Мемлекет басшының үндеуінде айтылған тапсырмаларды орындауға әрбір қазақстандық үлкен сеніммен қарау керек.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |