ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімінің жұмыс сапары

Бөлісу:

Аудан орталығында бой көтеріп жатқан 36 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үй құрылысы 2024 жылы наурыз айында басталған. Бас мердігер «Самға» ЖШС. Нысан құрылысы тамыз айында аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта ғимараттың сыртқы және ішкі қабырға панельдерін, еден жабындыларын төсеу жұмыстары басталды. Су және жарық, жүйелері орталықтандырылған.  Жақында тапсырылатын пәтерлерді қарап шыққан облыс әкімі үйдің жобасы мен сапасын бақылап, қосымша қаражат тарту жүйесін де қарастыруды тапсырды.

Бұдан соң аймақ басшысы Ұлытау ауданының басты туристік нысаны «Рәміздер алаңына» аялдады. Нысан 2023 жылдың  қараша айында басталған болатын, жоспар бойнша тамыз айының 15інде «конституция күнінде» арнайы ашылу салтанаты болады. Жалпы ауданы 3 гектар жерде 167 шаршы метр рәміздер ескерткіші, таңбалы тас пен абаттанған демалыс аймағы бар. Келушілерге арнап арнайы ашылғалы отырған алаңда әр рудың қолтаңбасы басылған «Таңбалы тас» ескерткішінің көшірмесі мен тарихымыздан сыр шертетін архитектуралық тақтайшалар орнатылған. 

Ауданда салынып жатқан тағы бір нысан – аудандық аурухана ғимараты. 2640 шаршы аумақты құрайтын жаңа  нысанның құрылысы 2023 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстарына Талап ауылында өндірілген кірпіштер қолданылған. Бас аяғы 63 адам жұмыс істеуде, 12 техника жұмылдырылған. Нысан 3 блоктан тұрады. Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жұмыстардың тездетудін тапсырды.  

Ұлытау ауданына қарасты жалпы 6 елді мекенде фелдчерлік акушерлік пунк салынған. Биыл тамыз айынын бастап тағы 6 елді мекенде фелдчерлік акушерлік пунк салу жоспарлануда. 

Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты