Аймақ басшысы алдымен аудан ішіндегі Қаныш Нұртазин атындағы көшеде жүргізілген асфальт төсендісі мен аббатандыру жұмыстарын көрді. 2023 жылы маусым айында Нұртазин және Тәуелсіздік көшелерінде үйлердің аулалары жарықтандырылып, асфальт төсеу, үйлердің сыртын қоршау жұмыстары жүргізілген болатын. Бұдан кейін өңір басшысы Жезқазған-Есіл-Петропавл тас жолына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады.
Жезқазғаннан Арқалыққа баратын тас жолдың 20 шақырымы «ГорСтрой» ЖШС мердігерлігімен биыл толықтай бітеді. Қосымша «Армстрой» ЖШС тас жолдың 30 шақырымына асфальт жабындысын төсейді. Сондай-ақ Қостанай облысына 59 шақырымдық тас жолын жөндеу үшін конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2025 жылы толық аяқталады деп күтілуде. Ал Ақшатау-Ағадыр жолына мердігер анықталып, биыл аяқталады деп жоспарланған.
Сұңғат Рахымжанов, «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры
Қарағанды-Жезқазған тас жолы жұмыстары үшін арнайы мемлекеттік конкурс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер анықталғаннан кейін Жезқазғаннан Қарағандыға дейін 517 шақырым жол толықтай жөнделетін болады. Халық наразылығына байланысты жол еніне де өзгерістер енгізіледі дейді мамандар.
Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |