Ал, «111» қызметі отбасы және әйелдер мен балалар мүдделерін қорғайды. Тәулік бойы қызмет атқаратын байланыс орталығы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үздіксіз ақпараттық-анықтамалық консультация, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек береді. Келіп түскен өтініштерге байланысты мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет етеді.
Жасұлан ДОСТИЯРОВ Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Одан қалды,осы заңға сәйкес отбасын қолдау орталықтары құрылды. Бұрын өздеріңізге белгілі үкіметтік емес ұйым ретінде құрылатын. Енді заңмен құрылды.
Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.
Жасұлан ДОСТИЯРОВ Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Егер кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық зомбылық жасаған жағдайда татуласу мүмкін емес. Денсаулыққа қасақана зиян тигізу. Бұл ендің қылмыстық жауапкерішілк. Ұрып-соғу. Ол да қылмыстық жауапкершілік. Бұрын бұл әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде көрсетілген болатын.
Және де білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті.16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ