Өңірімізде сыбайлас-жемқорлықпен күрес мақсатында бірнеше жобалар қолға алынып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Аманат» партиясының Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында өткен семинарға төтеншеліктердің жеке құрамы толықтай қатысты. Алдымен семинар спикерлері ғасыр дертіне баланған жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті...
Гүлнұр Сүлейменова, Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсықызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары
-(Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда жасалатын іс шаралар алгортимі жинақталған жадынамалар таратылып, банерлер іліп жатырмыз. Мұның барлығы қоғамда жемқорлыққа қарсы «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыру үшін жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары...)
Бүгінде өңірімізде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын 77 мемлекеттік орган және 36 квазимемлекеттік сектор субъектісі анықталған. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы да өз жұмысын бастаған. Яғни, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен қоғам болып күресуіміз қажет дейді семинар қатысушылары...
Қуанышбек Досжанов, Жезқазған қаласының ТЖБ бастығының орынбасары
-(Аталған іс шараға Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері толық құрамда қатыстуда. Мұндай семинарлардың маңызы зор деп білеміз. Жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегіміз бар...)
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, тұщымды жауаптарын да ала алды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы