ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Мәслихат сессиясы

Бөлісу:

Сессияны мәслихат төрағасы Раушан Қаппарова ашып, жүргізіп отырды. Қала әкімінің міндетін атқарушы Ербола Құсайынов пен бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиында күн тәртібіне 6 мәселе шығарылды. Алдымен мәслихат төрағасы Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтап, бірқатар депутатқа мерейлі белеске арнайы шығарылған мерекелік медальді табыс етті.

Раушан Қапарова, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы

-(Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай қазір елімізде мәслихаттардың атқаратын рольі мен беделі артып келеді. Бізге жүктелген жауапкершілік   салмағы да ауыр. Әрбір депутат бұл бағытта еселі еңбек етеді деген сенімдемін.)

 Әрі қарай Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы, 26 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл жөнінде қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бибігүл Өмірзақова айтты.

Бибігүл Өмірзақова,,  Жезқазған қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

-(Қалалық бюджетке салық түсімдері артылығымен орындалды. Ол – 950 млн теңгені құрайды. Жалпы қалпы бюджетінің кірістерінің көлемі – 1 млрд 224 млн 871 мың теңгені құрайды.)

Сессияда сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалды. Кеңгір, Талап, Малшыбай ауылдарының қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілді. Өзге де мәселелер қаралып, тиісінше салаға жауапты бөлімдердің бақылауына алынды.  

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты