ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Төтенше жағдайларда өзара іс-қимыл тактикасын пысықтау

Бөлісу:

Жиын облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналды. Департамент басшысы   Кеңгірбай Есенеев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында болған апат және оқыс оқиға жөніндегі толыққанды ақпарат керек болған кезде БАҚ өкілдеріне  Департамент мамандары бере алатынын жеткізді. Мәселен ,Сәтбаевтағы жер сілкінді деген ақпарат жалған болып шыққаны белгілі.Ол бойынша ақпарды төтенше жағдай департменті берді.Ал негезінде бұл ақпаратты ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті беруі тиіс еді..  Департамент мамандары сол күні кеншілер шаһарына барып, жағдайдың мән-жайын анықтаған. 


Кеңгірбай ЕСЕНЕЕВ ҚР ТЖМ  ӨҚК Ұлытау облысы бойынша департамент басшысы


Біздің мақсат ықтимал техногендік апатқа әкеп соғуы мүмкін азаматтардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қатер төндіретін қауіпті өндірістік объектілердегі техногендік авариялардың алдын алу болып табылады. Апат болған жағдайда оларды бақылауға алып, тексеріс жүргіземіз. Ал өндірістік қызметпен байланысты жарақаттар мен жазатайым оқиғалар еңбек инспекциясының құзыретіне жатады.


Жиын соңында жергілікті журналистермен қауіпті өндірістегі төтенше жағдайларда өзара іс-қимыл тактикасын пысықтау туралы шешім қабылданды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты