ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

«Баршаға қолжетімді сапалы білім»

Бөлісу:

Алқалы жиынға өңіріміздегі ардагер педагогтер кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары, Ұлытау облысы прокуратурасының өкілдері мен ағарту саласымен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейтін бірнеше департамент басшылығы қатысты. Алқа отырысы 2 бөлімнен тұрды.

 

Сапура Төлекова, Ұлытау облыстық білім басқармасының басшысы

Бірінші бөлім - аналитикалық бөлім. Мұнда  мемлекеттік органдар тарапынан білім саласынадағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қар іс-қимылдар талқыланса, екінші стратегиялық бөлімде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша әзірленген Ұлытау облысының жол картасы таныстырылады. 


Аймақтың оқу саласында өткен жылы айтарлықтай алға жылжу байқалған. Республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша облыстың 3 мектебі үздік мектептер қатарынан көрінген. Жиналғандар басты мақсат – сапаға жұмыс істеу деді.

 

Ырысты Ермағанбетова, Ұлытау облысының әдістемелік орталығының басшысы

Ұлытау облысының әкімі мен ҚР оқу-ағарту министрі «Ұлытау облысының білім беру жүйесін дамыту бойынша 2023-2029 жылдарға арналған аймақтық жол картасын» бекітілген. Негізгі жұмыстар осы жол картасы негізінде атқарылуда.


Сонымен қатар жиында - Білім саласындағы құқықбұзушылықтар мен Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары және Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл мәселелері де назардан тыс қалмады.

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты