Үкімет басшысының Ұлытауға жасаған сапары «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінен басталды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Олжас Бектенов кесене маңында орналасқан кешеннің жай-күйімен танысты. Аталған нысан ашылғалы бері мұнда 35 мыңнан астам турист келген.
Әрі қарай Премьер-Министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Айта кетейік, өндірісті өлке - өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-Министр қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды.
Премьер-Министр сапары Сәтбаев қаласында жалғасын тапты. Кеншілер шаһарындағы №1 және №2 жылу станцияларында болып, жылыту маусымына дайындықты қадағалады.
Сапар барысында Олжас Бектенов Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй мен коммуналдық желілер салу, сондай-ақ алдағы оқу жылына білім беру нысандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен де танысты. Абай атындағы мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған жатақханаға барып, облыс орталығында бой көтеріп жатқан жаңа ауданның инженерлік коммуникацияларының құрылысы жүргізіліп жатқан аумақта болды.
Үкімет басшысы Ұлытау облысының тау-кен металлургия кешенінің қызметімен танысты. Жезқазған байыту фабрикасы мен тәжірибелік гидрометаллургия зауытына барды. «Қазақмыс» корпорациясы фабриканы жаңғыртуды кезең-кезеңімен жалғастыруда.
Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Жезқазған – Қызылорда» автожолы құрылысының қарқынымен танысты. Оны қалпына келтіру бірқатар өңірдің, оның ішінде Ұлытау облысының дамуына серпін беруі тиіс. Премьер-Министрге бүгінде «Жезқазған – Қызылорда» жобасы бойынша 4 мердігер ұйым анықталғаны баяндалды. Олармен келісімшартқа қол қойылған. Ұлытау облысы бойынша жұмыс құны 108,6 млрд теңгені құрайды.
Жалпы, өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы облыста жалпы құны 12 млрд теңгеден асатын 170 шақырымнан астам жол реконструкцияланды және жөнделді. Биыл жалпы сомасы 16 млрд теңгеден асатын, ұзындығы 196 шақырым жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |