Сессияны мәслихат төрағасы Раушан Қаппарова ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне 4 мәселе шығарылды. Алдымен әдеттегідей сессияның күн тәртібі мен сессия хатшылығының құрамы бекітілді. Аталған сессияға қала әкімі Қайрат Шайжанов арнайы қатысып, облыс орталығында атқарылып жатқан негізгі жұмыстардан ақпарат берді.
Қайрат Шайжанов, Жезқазған қаласының әкімі
Қазір қалада тұрғын-үй коммауналдық шаруашылық саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. 7 қыркүйекке дейін асфльт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын дұрыстау шараларын аяқтаймыз деп отырмыз.
Сонымен қатар осы сессияда Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізілді.