Тігін цехының негізін қалаушы көпбалалы ана – Лаура Сүлейменова. «Отбасылық бренд» деп аталатын жаңа тігін цехы – мақта өнімдерінен қазақи нақыштағы көрпелерді жасап шығарады. Жалпы цехтың мемлекеттік грант есебінен ашылған. Әлеуметтік желі арқылы көпбалалы аналарға қайтарымсыз грант беріліп жатқанын біліп, бірден қатыстым дейді кәсіпкер.
Лаура Сүлейменова, тігін цехының басшысы
Мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алдым.400АЕК көлемінде. Тігін цехын аштым. Керек құрал жабыдқтарды, аранйы аппарт алдым. Аллаға шүкір. Рақметімді айтамын.
Бүгінде Жезқазған қаласы бойынша осындай 400айлық есепкіш көлемінде көпбалалы аналарға 27 грант берілген. Қалада жаңа кәсіпке жол бастау мақсатында бөлініп отырған гранттар кәсіпкерге көрсетілген айрықша қолдау.
Жарас Ершеев, Жезқазған қаласы «Мансап» орталығының басшысы
Мемлекет тарапынан аз қамтылғаен және көпбалалаы отабсылар назардан тыс қалған емес. Шағын кәсіпкерлік біздің қалада жақсы дамып келеді.
Бейбітнұр Ермағанбетова, туысы
Айтады ғой, балық берме қармақ бер деп. Мемлекет осындай көмек беріп жатыр. Өз ойым өте жақсы. Енді кәсібінен нәсіп тауып отырса деген тілегім бар.
Грант қаражатына кәсіпкер тігін машиналарын, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алған. Кәсіпкер болашақта жұмысшылар санын көбейтіп, ұлттық нақыштағы дүниелерден бөлек заманауи үлгіде өнімдер шығаруды жоспарлауда.