Шаруашылық мақсаттағы су тапшылығы кеше немесе бүгін пайда болған мәселе емес. Осыған байланысты Мемлекет басшысы да бұл мәселеге өз жолдауларында айрықша көңіл бөлуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин Ұлытау ауданына қарасты өңірлерге барған жұмыс сапарында да су тоғандары мен лимандарды аралап, арнайы су мамандарын алдыртты. «АлматыГидроГеология» ЖШС бас маманы Жусиев Шалабай Айтпайұлымен Су тапшылығы мәселесін және суды басқару жайлы Сарысу, Мибұлақ, Борсеңгір ауылдық округтері әкімдігі өкілдері және шаруалардың қатысумен жиын өтті.
Жиында су қоймаларын жаңарту және жаңа су қоймаларын салу арқылы суды сақтау, оны қажет уақытында қолдану мүмкіндігін арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жер асты су көздеріне сандық технологиялар мен мониторинг жүйелерін енгізу көзделуде.
Мемлекет тарапынан шаруаларға су үнемдеу технологияларын енгізуге, жабдықтарды сатып алуға, және су ресурстарын басқару жүйелерін дамытуға арналған субсидиялар мен қаржылық көмек көрсетілу қажет дейді халық қалаулысы. Су тапшылығы мәселесін шешу үшін үкімет пен фермерлердің бірлесе әрекет етуі керек. Су ресурстарын тиімді басқару, жаңа технологияларды енгізу, және үкіметтің қолдау шаралары су тапшылығының теріс әсерін азайтады.
Перизат Дәлкенқызы, Думан Оразов, Ұлытау
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |