Семинарды белгілі дінтанушы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан жүргізді. Ол жиында теріс ағымдарға қарсы күрестің түрлі тәсілдерін талқылап, семинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізді.
Кеңшілік ТЫШХАН философия ғылымдарының кандидаты
Жалпы енді бүгінгі дөңгелек үстелдің мағынасы, тақырыбы бұл қоғамдық сананы қалыптастырудағы дін мен мәдениеттің рөлі деп аталады. Бұл деген сөз жалпы қоғамдық сананы біз қалай қалыптастырамыз, жалпы қоғамдағы дін мәселесін қалай реттеуге болады, соның ішінде ақсақалдар бар ұстаздар бар мектеп бар жас балалардың тәрбиесі бар, осындай көптеген мәселелер қамтылды. Негізгі мәселе бұл теріс ағымдардың, жат ағымдардың қоғамдағы таралуының алдын алу. Яғни өзіміздің ұлттық рухани құндылықтарымызды жастардың санасына жеткізу.
Сонымен қатар, семинарға қатысқан Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай да қатысып, қатысушыларға баяндама жасады. Осындай семинарларды өткізіп тұрудың мәні тереңде дейді ол.
Бағыжан Күзекбай Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Жастар ісі» секторының меңгерушісі.
Бұл шара өте өзекті. Жыл басында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміз жыл басында ислам және дәстүр құндылығы жылы деп жариялады. Сол бағдарламасында мемлекетіміздің үштен бірі жастар екенін айтып сол жастармен би әдептермен жұмыс жасау үшін, теріс ағымдарға қарсы жұмыс жасау үшін көптеген тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалар аясында ақпараттық түсіндіру профилактикалық жұмыстар жасалып жатыр. Келу себебім де осы. Сәтбаев қаласында жамағат жастармен кездесіп дін мен дәстүріміздің ұштастырып насихаттап үлкен шаралар өтті.
Бүгінгі таңда қоғам үшін дін тақырыбы күрделі мәселеге айналып отыр. Қазақ даласында ғасырлар бойы жасап келе жатқан дәстүрлі ислам діні шын мәнінде адамгершілікті, имандылықты насихаттайды. Ал иман, ізгілік тақырыбын келешек жас ұрпаққа дұрыс жағынан дәріптеу әрдайым маңызды.
ЖАДЫРА ҚАЛИЕВА, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ