Мониторинг аясында мектептер 100 пайызға қамтылған. Нәтижесінде мектептер оқу жылына 95% дайын деп тұжырымдалды. Алайда облыс бойынша Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған екен. Ал, Қаражал қаласындағы №5 бастауыш мектебі де күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Облыс бойынша 19 мектепте бала саны бойынша тығыздық байқалады.
Әсел БИТАЕВА Ұлытау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті басшысы орынбасарының м.а
Жезқазған қ бойынша 7 мектеп (Жезқазған қаласының «№1,4,10,21,22 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «№7 мектеп-лицейі «№8 гимназиясы»), Сәтбаев қ боойынша – 7 мектеп (Сәтбаев қаласының «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы», «Абай атындағы мектеп-лицейі», «№5,16 жалпы білім беретін мектебі», «Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі», «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы»)
Облыс бойынша 86 мектеп асханалары мен буфеттері арасында 10ы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмаған екен. Биыл, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 4 112 бала қабылданған. Ыстық тамақ 78мектепте ұйымдастырылған.
Дулат СҮЛЕЙМЕНОВ Ұлытау облыстық білім басақрмасы басшысының орынбасары
Жылыту маусымына дайындық. Бүгінгі күнде 83 мектепте дайындық актісі бар, 4 мектепте жөндеу жұмыстары жүруде.
Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен,оқулықтармен қамтылған. 2024 жылы әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан 3 121 балаға мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 141 млн. 100 мың теңге қаражат бөлінген.Қазіргі таңда 2811 балаға қаржылай көмек көрсетілген. 1 қыркүйекке дейін көмекті тағы 169 бала алатын болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ