Онда 40 тан астам кәсіпкер ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен ауылшаруашылық өнімдерін ұсынды. Анар Құрманова- Жаңаарқа ауданының тұрғыны. 10 жылдан астам отбасымен ұлттық сүт өнімдерін заман талабына сай өңдеп өндіріп отыр.Шоколадты жент, қызыл ірімшік, талқаны мен құрты дәмді, әрі таза табиғи тағам. Қазақстанның қалаларымен қоса Дубай мен Стамбулға тасымалдап бастаған.
Анар ҚҰРМАНОВА кәсіпкер
Мысалы бір ауыл-бір өнім дегенге қатысып неге бағымызды сынамасқа деп ойлаймын. Өйткені бізге өсу керек, өну керек.Дамыту керек. Сол дамыту жағынан үкіметтен көмек болса жеңіл.
Жәрмеңкенің мақсаты да Анар секілді кәсіпкердің экспортқа шығуына мүмкіндік беруді көздейді.Ал, Майра ТОҚБЕРГЕНОВА ұлттық нақыштағы киім-кешек пен көрпе-жастық тігеді. Өз ісіне шын берілген кәсіпкер қызын да тігін өнеріне баули бастаған. Кәсібінің атауын ырыс әкелсін деп Ырысты ілгек деп атаған екен. Ұлттық құндылықтарды заманауи бағытта одан әрі жетілдіруді жөн санап бүгінгі көрмеге қатысып отырғанын айтады.
МайраТОҚБЕРГЕНОВА кәсіпкер
Болашақта осы бүгінгі шарадан күтетінім біз секілді кәсіпкерлерді қолдаса екен деп тілеймін. Солардың біреуіне іліксем деп сондай үмітпен келіп тұрмын.
Финалға шыққандар Астанада Ұлытау өңірінің намысын қорғайды. Сөйтіп олардың өнімдерін брендтеп, экспортқа шығаруға көмектеседі. Ол үшін мемлекеттен тегін қайтарымсыз гранттар қарастырылған.
Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы
16 адамнан тұратын арнайы комиссия құрылған. Критерилер бойынша кәсіпкерлердің өнімдерін бағалайтын болады. Арнайы брендкомитет кәсіпкерлерді сүйемелдеп әлемдік нарыққа қалай шығу керек екенін үйретеді. Ал, ең үздік үштік , әкім грантына қатыса алады.
Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасы мұндай көрмені осымен 2 жыл өткізіп отыр. Ол, атауы айтып тұрғандай ауылдағы ағайынның кәсібін дамыту үшін қолға алынған жоба
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ