Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ҚБ ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, соғыс көрген сарбаздардың ерлігін кейінгіге үлгі ету. Осы мақсатта қолға алынған шарада тоғызқұмалақ, шахмат сынды ойындар ойнатылып, өткен күннің отты жылдары тілге тиек етілді...
Аталған бірлестік құрылғанына аз ғана уақыт болса да, бірталай шаралардың басы қасынан табылуда. Жүздесу барысында бірлестіктің 30 ға жуық өкіліне арнайы мерекелік төсбелгі табыс етілді. «Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісім шарты әскерінің тобының» Ұлытау облысындағы филиалында 90 нан астам мүше бар.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау»