ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Бөлісу:

Сонымен жолдауда 9 бағытқа басымдық берілген. Алғашқысы, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет . Одан әрі инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін айтты. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылданады, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер шешіледі, Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру да маңызды. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек,  экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек, Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет. Дәл осы 9бағыттың ішінде 100ге жуық нақты ұсыныс пен тапсырма бар.

Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды деді Преиздент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. 

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Мұны да Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты