ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Бизнес нысандары газға қосылмақ

Бөлісу:

Ұлытау облысын газдандырудың 2030 жылға дейінгі Өңірлік схемасы дайындалған. Жезқазғандық шағын және орта бизнес өкілдері 

жекеменшік мекемелеріне газ тарту жұмыстарын жеделдетпек ниетте. Себебі, олардың айтуынша, газға қосылудың көптеген артықшылықтары бар. Ең бастысы: энергия шығындары айтарлықтай төмендейді дейді.

 

Вадим Зербун, «Евротехсервис» ЖШС директорының орынбасары

Бұл біздің Желтоқсан көшесінде орналасқан кәсіпорнымыз. Бұл жерде негізінен ірі техникаларға жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Орталығымызды жылыту мәселесінде газға қосылғымыз келеді. Барлық жағынан тиімді, кәсіпкерлер палатасы өтінішімізге құлақ түруде.

Газ - таза энергия көзі, ол жанған кезде көмірқышқыл газы мен басқа да ластаушы заттарды аз шығарады. Шығындарды азайту және тиімділікті арттыру бизнестің өсуіне, өндірістік қуаттардың кеңеюіне де жол ашпақ. Аталған сала мамандары кәсіпкерлерге көгілдір отын энергиясын пайдаланудың алғышарттары бойынша кеңес берді.


Қазір Жезқазғанда газдандыру жұмыстарының екінші кезеңі аяқталуда. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы – бизнес нысандарының газдың игілігін көру жұмыстарына жәрдемші болмақ.

 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов «Ұлытау»


Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты