Биылғы көктем – еліміздегі біраз өңірді сарсаңға салды. Ұлытау облысында да бірнеше үйге су кірді. 2024 жылғы су тасқыны кезеңін талдау кезінде - 2025 жылғы су тасқыны қаупін азайту және жіберілген кемшіліктерді қайталамау мақсатында Ұлытау облысы бойынша «инженерлік жұмыстар жоспары» әзірленген.
Есен Байыров, Ұлытау облыстық ТЖД басшысы
Елді-мекендердегі су тасқыны тауекелін төмендету мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспары» 12 іс-шараларның орындалуы жоспарланған, 2023 жылы 3 іс шара орындалды. 2024 жылы көздеген 9-іс шаралар орындалмады.
Облыс бойынша су тасқыны кезінде зардап шеккен 22 үйге техникалық байқаудан өткізілген, оның 19 ы Ұлытау ауданында, 3 үй Жаңаарқа ауданында орналасқан. 5 үй апатты деп танылып, қалған 17 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілген. Бұл жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмас Жандарбеков айтып берді.
Алмас Жандарбеков, Ұлытау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бүгінгі күні ағымдағы жөндеуге жататын тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жезді ауылында жоба бойынша 151 м кәріз құбырын жөндеу және 32 құдықты ауыстыру қарастырылған. Бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалды. Кәріз жүйесі толығымен ауыстырылды. Ұңғымалар орнатылды. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың су басу қаупі бар 23 учаскесі ерекше бақылауға алынған. Жиын барысында тасымалдау, сақтау, жүк айналымы мәселелері және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының көлемі де талқыланды. 2024 жылы облыс аумағында 196 шақырым жолды жөндеуге 16 жарым миллиард теңге бөлінген. Көлік инфрақұрылымы мен туризмді дамыту мақсатында аудандық маңызы бар жолдар мен көпірлер де жөнделуде. Берік Әбдіғалиұлы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»