Қарттар күнін атап өтудегі негізгі мақсат: қарияларға құрмет көрсетіп, олардың елдің дамуы жолындағы еткен еңбектері мен төккен терлерін өскелең ұрпаққа үлгі ету! Бүгінде Жезқазғанда 12 мыңнан аса қазына қария бар.
Мейрам иелерін шаһар басшысы Қайрат Шайжанов пен мәслихат төрағасы Раушан Қаппарова құттықтап, қоғамдық істерге белсене араласып жүрген ақсақалдарға құрмет грамоталары мен қаланың 70 жылдығына арналған мерекелік төсбелгіні табыс етті.
Сонымен қатар облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мінберге шығып, марапат жасады.
Түрлі салада табысты еңбек еткен жандар – ұрпақ тәрбиесі жолындағы ұлықты істерімізді әрі қарай да жалғастыра береміз дейді.
Бүгінгі таңда республикамыздың әрбір оныншы тұрғыны – еңбекке қабілетті жастан асқан егде адамдар. «Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін» - қарияларға арналған ілкімді шара мерекелік концертпен мәреге жетті.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы