Аталған қоғамдық тыңдауға қала тұрғындары мен бірге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері қатысты. «Қазэнергоцентрдің» өкілдері тарифті көтерудің түрлі себептерін ортаға салды. Алайда, жиналғандар оған қанағаттанбады...
ДӘУІР ЖҮНІСБЕКОВ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Бұл кезде департамент тарапынан шешім әлі қабылданған жоқ. Энергия тарату мекемелері тарапынан тариф өскен. Сол себепті баға көтереміз дейді. Шешім толық аналис жасалғасын қабылданады.
Қоғамдық тыңдау қортындысы бойынша нақты шешім шығарылмады. Алдағы 10 жұмыс күні ішінде бүгінгі жиында көтерілген сұрақтар жан жақты талқыланады. Айта кетейік, шешім жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады...
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы