ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Еңбек – ер атандырады

Бөлісу:

Аманбек Мұқатаев – 1943 жылы Шет өңіріндегі Ақшатау даласында дүниеге келген. Жалынды жастық шағында Жезқазғанға келген, ол, бүгінде Ақшатау мен Ұлытауға ортақ перзент. Ішкі істер саласындағы сапта тура 28 жыл қызмет еткен полковниктің еңбек жолы – кейінгі жасқа үлгі мен өнеге!

 Аманбек Мұқатаев, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

(Жезқазған облысы 1973 жылы наурыз айында құрылғаннан кейін, біз Северодвинск деген қаладан келдік жолдасымыз екеуміз. Басында облыстық УВД да жұмыс істедім.)

Аманбек ақсақал – Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Ішкі Істер Министрлігінің құрметті ардагері, Ұлытау облысы Ішкі істер органы және Ұлттық Гвардия Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Әрине, мұның бәрі төккен тер мен еткен еңбектің өлшемі. Ізбасар бауырларын халқына қалтқысыз қызмет етуге шақырады.

Аманбек Мұқатаев, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

(Полиция қызметіне келгеннен кейін – полиция қызметін сүю керек. Қазіргі полициядағылар заңды жақсы біледі. Полиция халықпен тығыз байланыста болу керек. Халық оларды білу және тану керек.)

Еңбек ардагері – жұбайы екеуі 4 баланы тәрбиелеп өсірген ордалы отбасылардың қатарында. 80 нің сеңгірінен асқан Аманбек Мұқатаев – жас буын өкілдеріндегі әріптестеріне үнемі ақыл-кеңестерін айтып отырады.

 Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты