Иә, «Гарден-Холл» мейрамханасында өткен кеш – бұрынғылардан өзгерек болды. Ұлттық киімде киінген қонақтар мен ұлттық тағамдар қойылған дастархан және ұлттық нақышта безендірілген суретке түсу алаңдары – мерекенің мән-маңызын айқындап тұрды. Жезқазғандықтарды жыл басымен облыс әкімінің орынбасары Дастан Рыспеков құттықтады.
Арнайы ауызашар уақытына ұйымдастырылған жарасымды кешті «Ақ әжелер» ансамблі жиналған жұртқа жарапазан айтудан бастады. Әншілер ән шырқады, бишілер – мың бұрала би биледі, ақындар Алашқа сауын айтты.
Кеш барысында Келіндер сайысы өткізіліп, ұлттық ойындар төрге озды. Салт дәстүрден шағын көріністер қойылды.Қонақтар арасында лоторея билеттері арқылы – бағалы сыйлықтар үлестірілді. Басты сыйлық – умра қажылығына жолдама да өз иесін тапты.
Ұйымдастырушылар алқасы – мұндай маңызды мерекелерге арналған ауқымды жобалардың ұлт пен ұрпақ үшін берері мол дейді. Осылайша жезқазғандықтар жылдың басын мерекелік көңіл күйде қарсы алды.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы