ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

55 оқушы жазғы лагерьге барады

Бөлісу:

«Жаздық жолдама» деп аталатын бұл жоба  5 және 8-ші сыныпта оқитын үздік әрі мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын ауыл балаларын ынталандыруға арналған.  Кеңгір селосының №2ЖББМ-де 451 оқушы білім алуда. Енді оның 55-і жазғы уақытын тиімді өткізбек.  Жолдаманы Кеңгір селосының әкімі Рүстем Есмағанбетов  №2 ЖББ мектебіне салтанатты түрде табыстады. 


Елена ТАНКАЕВА Кеңгір селосының №2ЖББМ директорының м.а. 


Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы,білімді де білгір жастардық қолында. Олай болса, аталған жолдама біздің мектептің де аудандық, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларының, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауларының, шығармашылық байқаулар мен спорттық сайыстардың да жүлдегерлеріне бұйырып, жазғы демалысын көңілді өткізуне мүмкіндік туып отыр. Біз мектеп ұжымы оқушыларымыздың осындай мүмкіндікке ие болғанына алғысымыз шексіз. 


Әсел Жақсылық үздік оқушылардың қатарында. Бұл жолдамаға ие болған ол оқушыларға жасалған үлкен сый деп қабылдадым дейді. 


Әсел ЖАҚСЫЛЫҚ Кеңгір селосының №2ЖББМ  оқушысы 


Біздің мектебімізге осындай жолдама берілгеніне өте қатты қуаныштымыз. Біздің мектебіміздің оқушылары, өзім де көптеген олимпиадаларға қатысып жүрміз. Алғысымыз шексіз. 


Айта кетейік, жоба аясында еліміз бойынша 20мың бала жазғы лагерьге барады. ҚР Білім министрлігі жобаның серіктесі атанды. Ол демалыс бағдарламасын, критерийлерін анықтап, іріктеуді жүзеге асырады, мердігерлер көрсететін қызметтің сапасын бақылайды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ; СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты