Әбдірәсіл Рахим төрт жасынан домбыраға үйір болған. Кішкентай күнімізде біздің қонақүйдің төрінде кілемде домбыра ілініп тұратын. Өнеріміз саусағымыздан саулап тұрған жоқ. Алайда, сол домбыраны күніне бірнеше мәрте алып, келсін-келмесін сабалап-сабалап, орнына қайта іліп қоятынбыз дейді.
ӘБДІРӘСІЛ РАХИМ күйші
-мен 4ші сынып оқыған жылы марқұм болып кеткен ағам ол кезде 9 оқитын. Сол мектепте домбыра үйірмесі ашылып, жастар биі мен қосалқы биін үйреніпті. Сол үйге келіп. Үйреніп тартып отырғанда қолынан қарап мен де үйреніп алдым. Содан мектепте конкурс болды.ең жасы деп 1 орын беріпті. Содан қолымнан домбыра түспеді.
Бала күнінен ұлттық өнердің уызына жарып өскен ұл – келе-келе ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын болады. Осылайша Жезқазған қаласындағы муызкалық колледжіне оқуға түсіп, домбыра мамандығы бойынша оқуды тәмамдайды. Қазыналы Қаражалға қоныс аударып мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Кейін мұғалімнің оқуына Қарағандыға түседі. Қасиетті қара домбыраға қаршадайынан құмартып, қос шектің қоңыр үніне елтіп өскен жігіт ағасы мұғалімдік диплом алды деген аты болмаса өнерді аяқаясты ете алмаған. Содан кейіпкер сан түрлі аспаптың құлағында ойнауды үйренеді. Қазір Қаражалдың гимніне айналған Қаражалым әнін шығарады.
ӘБДІРӘСІЛ РАХИМ күйші
Кейіпкер Қаражал қаласындағы өнер мектебінде 2005жылдан бастап басшылық қызметте. Күй өнерінен дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеуде. Ұлттық өнер балаға – ұлттық аспап арқылы берілетінін терең сезінген ұстаз - ұлттық өнерді ұлықтап, халықтың қазынасын насихаттауға біржола бас қойған. Ол еңбегін әріптестері мен шәкірттері де жоғары бағалап, құрмет тұтады.
Ұлан Дүкенбаев Ә.Рахимның шәкірті
Кейіпкердің арманы – бабадан қалған асыл өнерді ұрпаққа ұлықтап, жастардың бойына сіңіру. Сол үшінде өнер мектебінде әр-түрлі бағытта 300ге жуық баланы тәрбиелеу үстінде.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ